Алаш Орда үкіметі 105 жыл бұрын 1917 жылғы 12 желтоқсанында құрылды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғалымдар Алаш Орда қайраткерлерінің туындыларын әлемнің түкпір-түкпірінен зерттеуді бастады. Биыл тарихи қорымыз түрлі жәдігерлерге толықты. Massaget.kz тілшісі кейінгі кезде табылған Алаш зиялыларының мұраларына шолу жасады.
Ахмет Байтұрсынұлының суреті
Бұл 1926 жылы Бакуде Түркология Конгрессінде түсірілген сурет. Суретте Ахмет Байтұрсынұлы бар. Оны Елдос Орда Facebook-парақшасында жариялаған еді. Суретт Әзербайжан тілінде жазылған Википедия жазбасынан алынған.
«Қазақстан атынан қатысқан делегация құрамында Ақымет Байтұрсынұлы да бар еді. Ақаңның туған күн төл мерекесіне орай тарихи оқиғаны жұрт есіне сала отырып, тарихи таспаны (суретті) назарларыңызға салып отырмыз», — деп жазды Елдес Орда.
Журналист Абылай Мауданның Facebook-парақшасында Ахмет Байтұрсынұлына қатысты тың дерек шықты.
Бұл сол Бакуде болған құрылтайдан түсірілген видео. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те жазған.
«8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар», — деп жазды министр парақшасында.
МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗДАР!
