Жаңа жылда Алматыны безендіруге қанша қаражат жұмсалады? 22 ноября 2022, 07:30

Биыл мемлекет бюджетінен Алматыны безендіру үшін қанша ақша жұмсалмақ? Жаңа жылда қала қалай безендіріледі? Massaget.kz тілшісі Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу порталында Алматыны безендіру үшін Жаңа жылға жоспарланған бюджетті анықтады.

Алматы

Алматыда Абай алаңын 61 миллион теңгеге безендіру жоспарланған. Құжат бойынша, алаңда жаңажылдық шырша, «Жаңажылдық жәрмеңке үйі» мен түрлі тақырыптық шағын сәулет өнері болуы керек.

«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жаңа жыл» мерекелік іс-шарасын безендіру жұмысы үшін 59 миллион 600 мың теңгеге лот жариялаған.

Лот құжатында композицялар 10 мекенжайда орнатылуы, сондай-ақ, жарық гирляндарларымен, аркалармен безендірілуі керек делінген. Демек әр белгіленген орынға 5 миллион 900 мың теңге жұмсау жоспарда бар.

Қаланы Жаңа жылға безендіру мұнымен бітпейді. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған бұл хабарламаның құжатында 10 көшеде орындарды жарық гирляндаларымен (жұлдызды аспан, жұлдызды жаңбыр), түрлі арка мен фотоаймақтармен безендіру керек. Мұның барлығына 60 миллион 300 теңге жоспарланған.

Ал Астана алаңын безендіру үшін алдымен алып шырша орнатылып, оған 10 мың метр гирлянда ілінуі қажет. Бұдан басқа Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының қасбетін және ағаштарды жарық диодтармен безендіру жоспарланған. Жалпы шығын — 58 миллион 700 мың теңге.

Алматыда алаңдар мен көшелер ғана безендіріліп қоймайды. Сондай-ақ, саябақтарға да көңіл бөлінеді. Қай саябақ екені белгісіз, бірақ желтоқсанда бір саябақтан шыны пластиктен жасалған көлемді ертегі кейіпкерлер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, егер бұл лот жүзеге асса, онда демалыс күндері жаңажылдық паровоз іске қосылады екен. Ал 2022 жылғы 20 желтоқсан мен 2023 жылғы 31 қаңтар аралығындағы демалыс күндері түрлі аниматор қала тұрғындарын қуантуы керек. Мұның бәріне 59 миллион 800 мың жоспарланған.

Өкінішке қарай, мұндай шаралар қай саяжайда жоспарланғаны жазылмаған.

«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаяу жүргіншілерді назарынан тыс қалдырмады.

Панфилов көшесі және Жібек жолы бойында «жұлдызды аспан» инсталляциясы, тақырыптық шағын сәулет нысандары мен ағаштарды жарық диодтармен көркемдеу жоспарланған.

Бұдан Мемлекеттік сатып алу порталында Алматыға Жаңа жылға 359 миллион 500 мың теңге жоспарланғанын байқадық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте также:Bizmedia.kz — новости бизнеса, Алматы и Казахстана

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *